25 тамыздан бастап елімізде электр самокаттарының тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынды.

    25 тамыздан бастап елімізде электр самокаттарының тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруіне тыйым салынды.

    Бұл өзгерістің басты мақсаты жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тротуарларды қауіпсіз кеңістікке айналдыру. Әсіресе балалардың, қарт адамдардың, сондай-ақ балалы ата-аналардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріледі.

    ЭЛЕКТРЛІ САМОКАТПЕН ҚОЗҒАЛҒАНДА НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ?

    Веложолмен қозғалғанда:
    шлем, жарық шағылыстырғыш элемент және жүргізуші куәлігі талап етілмейді.

    Веложолақпен қозғалғанда:
    шлем мен жарық шағылыстырғыш элемент қажет, ал жүргізуші куәлігі талап етілмейді.

    Автожолдың оң жақ шетімен қозғалғанда:
    жүргізуші куәлігі, шлем және жарық шағылыстырғыш элемент міндетті.

    Қауіпсіздік талаптарын сақтап, жол қозғалысының өзге қатысушыларына құрметпен қараңыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары