Алтыншоқы орта мектебінде ардагер ұстаз Баубекова Қайдан Қанапиқызына арналған арнайы кабинет ашылды

    Мектепте тағылымды шара өтіп, білім саласына саналы ғұмырын арнаған ардагер ұстаз Баубекова Қайдан Қанапия қызына арналған кабинет пайдалануға берілді.

    Кабинет заманауи жиһаздармен және қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталып, білім алушыларға қолайлы жағдай жасалды.

    Бұл игі бастама ардагер ұстаздың көп жылғы еңбегіне, кәсіби шеберлігіне және білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне қосқан үлесіне көрсетілген зор құрметтің белгісі болды.

    Ұстаз есімі ұлықталып, еңбегі кейінгі ұрпаққа өнеге болсын!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары