
Астана, 2026 жылғы 26 тамыз -Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде Агенттік Төрағасының орынбасары Әділ Құсмановтың төрағалығымен Ұлыбританияның Сыртқы істер, достастық және даму министрлігінің (FCDO) Орталық Азиядағы даму жөніндегі өңірлік директоры Хейли Шарппен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Салли Аксуорти және Ұлыбританияның Астанадағы Елшілігінің экономисі Бибігүл Жұмағұжина қатысты.
Кездесудің негізгі бағыттарының бірі статистика және деректерді пайдалану саласындағы ынтымақтастық болды.Атапайтқанда, «Экономикалық даму үшінтиімдібасқару» (EGED) бағдарламасыаясындаҰлттық статистика бюросының Ұлыбританияның Ұлттық статистика басқармасымен (ONS) өзара іс-қимылы, сондай-ақ FCDO менДүниежүзілік банктің қолдауыменмемлекетқатысатынкомпанияларды реформалаумәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ макроэкономикалық және салық саясаты, экономиканы ырықтандыру, жекешелендіру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері талқыланды.Цифрландыруменжасанды интеллектінідамытуға, мамандардың құзыреттерін арттыруға,бірлескен зерттеулержүргізуге жәнемемлекеттікбасқарудадеректерді талдауәдістерін қолдануғаерекше назар аударылды.
Ұлыбритания Үкіметімен және The Behavioural Insights Team компаниясымен бірлескен мінез-құлықтық зерттеулер жүргізу, жасыл энергетика мен гидроэнергетиканы дамыту, су ресурстарын басқару, технологиялар трансфері, инновациялық кәсіпкерлікті, академиялық байланыстарды және адами капиталды дамыту перспективалы бағыттар ретінде айқындалды.
Әділ Құсманов реформаларды жүзеге асыру саласындағы халықаралық тәжірибе алмасуды жалғастырудың және мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде деректерге негізделген тәсілді қолданудың маңыздылығын атап өтті.
«Біз үшін халықаралық тәжірибені зерделеу ғана емес, оны өз жағдайымызға бейімдеу де маңызды.Деректерменжұмыс істеудің,жасанды интеллектініқолданудың, мінез-құлықтықзерттеулержүргізудің,мемлекеттікшешімдердіңтиімділігінбағалаудың жәнеадами капиталдыдамытудыңзаманауитәсілдеріерекшеқызығушылықтудырады»,- депатапөттіАгенттікТөрағасыныңорынбасары.
Хейли Шарп Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және британдық тараптың даму мен реформалар мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға мүдделі екенін атап өтті.









