ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

    ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

    📢 2026 жылғы 1–15 қыркүйек аралығында Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді кезекті қабылдау жүргізіледі.

    Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 79-4-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу жүзеге асырылады.

    📌 Өтініштерді кімдер бере алады?
    Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда).

    📍 Өтініштер кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша қабылданады.

    🔹 Рудный қаласы бойынша өтініш қабылдау және толық ақпарат алу үшін:

    «Рудный қалалық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ
    📌 Мекенжайы: Рудный қ., Космонавтар даңғылы, 12, №314 кабинет
    📞 Байланыс телефоны: 8 (71431) 4-56-52

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін тізілімге енгізу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз!

    қағидалары

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Рудный қаласының әкімдігі" жаңалықтары