Қазақстан мен Финляндия экология, Каспий теңізін қорғау және орман ресурстарын қалпына келтіру салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қазақстан мен Финляндия экология, Каспий теңізін қорғау және орман ресурстарын қалпына келтіру салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуда

    Астанада Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі мен Финляндия Парламентінің депутаты Вилле Скиннари арасында екіжақты кездесу өтті. Тараптар Қазақстан–Финляндия үкіметаралық комиссиясы аясындағы екіжақты әріптестіктің негізгі мәселелерін және Еуропалық Одақтың «Global Gateway» бағдарламасы бойынша экологиялық бастамаларды іске асыруды талқылады. Келіссөздер барысында қазақстандық тарап «Lamor Corporation» компаниясының Каспий теңізінің экологиялық тұрақтылығын арттыру жөніндегі Концепция жобасын ресми түрде түскеннен кейін жан-жақты қарастыруға дайын екенін білдірді. Қазақстан жоба бағыттарының негізгі басымдықтарын — экологиялық мониторингті, мұнай төгінділерін жоюды және экожүйелерді қалпына келтіруді қолдайды, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасының жетекшілігімен, фин серіктестерінің техникалық қатысуымен іске асыру тәсілін құптайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары