Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов сайлауға қатысты

    Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов сайлауға қатысты

    Марат Ахметжанов отбасымен бірге облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында орналасқан №18 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

    Бұл сайлаудың ел үшін маңызы ерекше. Бұл – Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы жалпыхалықтық сайлау үдерісі. Оның аясында азаматтар бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлайды.

    «Бүгін еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды әрі жауапты күн. Ақмола облысында 518 мыңнан астам тұрғын дауыс беру құқығына ие. Сайлауға қатысу – азаматтық ұстанымды білдіріп, Қазақстанның болашағына өз үлесіңді қосу мүмкіндігі. Өңір тұрғындарын өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, саналы таңдау жасауға шақырамын. Еліміздің болашағы осындай шешімдерден құралады», – деді Марат Ахметжанов.

    Ақмола облысында сайлауды өткізу үшін 759 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының әкімдігі" жаңалықтары