S&P Global Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне дейін көтерді, болжам «Тұрақты»

    S&P Global Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне дейін көтерді, болжам «Тұрақты»

    S&P Global Ratings халықаралық рейтингтікагенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсізкредиттік рейтингін «BBB»деңгейінедейінкөтерді.Агенттіктіңшәкілі бойынша рейтингтіңосы деңгейіне 2016жылдан беріалғаш рет қол жеткізіліп отыр.

    Тәуелсіз кредиттік рейтингтің көтерілуі елдіңэкономикалық дамуының орнықтыперспективаларын,экономиканыңәртараптандырылуыжалғасып жатқанын жәнесыртқы және фискалдық буферлердіңайтарлықтай жинақталғанын көрсетеді.

    Агенттіктің бағалауы бойынша, Қазақстанныңэкономикасы сыртқы сын-қатерлерге жәнеәлемдік тауар нарықтарындағы бағаныңқұбылмалылығына қарамастан,орнықты болыпқалады жәнеортамерзімді перспективада өсудіжалғастырады.

    Сарапшылардың болжамынша,2026жылыЖІӨ-нің нақты өсуі5,1%-ды құрайды,болашақтаҚазақстанның экономикасы мұнай экспорттаушыелдер арасында салыстырмалы түрде жоғарықарқынмен өсетін болады.

    S&Pэкономиканы әртараптандыруғабағытталып, іске асырылып жатқан ауқымдыинвестициялық бағдарламаның рөлін атап өтеді.Шикізат өңдеуді және инфрақұрылымды дамыту,оның ішінде «Бәйтерек»ҰИХ» АҚ арқылы дамыту жөніндегі жобалардыңқаржыландырылуы келешекте инвестициялардеңгейінЖІӨ-нің30%-надейін ұлғайтуғамүмкіндік береді.

    S&Pпікірінше, бюджетшығыстарыныңқалыпты қарқынмен өсуі және салықтық базаныкеңейту жөніндегі шараларбюджеттапшылығынқысқартуға мүмкіндік береді.

    Қазақстан валюталық активтерінің мөлшерісыртқы борышының қалыпты көлеміненасатындай едәуірмөлшерде болғанда, сыртқыкредиторретінде мықты позициясын сақтайды.

    Сондай-ақ,агенттікбанксекторыныңмакроэкономикалық күйзелістергеорнықтылығын атап өтті.Реттеу және қадағалаужөніндегі саясаттың біртіндеп жетілдірілуібанксекторының орнықтылығының артуынажәнеактивтер сапасына байланыстыжүйеліктәуекелдердің төмендеуіне ықпал етті.

    Бұнын алдында елдің тәуелсіз кредиттік рейтингі«BBB-» деңгейінде болған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" жаңалықтары