
Жарма ауданында сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту семинары жалғасты
Жарма ауданында сайлау процесіне қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған каскадты оқыту жұмыстары жалғасуда.
Жарма ауданының аумақтық сайлау комиссиясының сайлау комиссиялары мүшелерін және сайлау процесінің басқа да қатысушыларын каскадты оқытуды ұйымдастыру жоспарына сәйкес кезекті оқыту семинары Божығұр, Бірлік, Ақжал, Қаратөбе, Қалбатау және Бірлікшіл ауылдық округтерінде орналасқан №341, №342, №343, №344, №362, №363, №364, №365, №366, №367, №368, №369, №370 және №371 учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасарлары мен хатшыларының қатысуымен өткізілді.
Семинар барысында учаскелік сайлау комиссияларының дауыс беру алдындағы және дауыс беру күніндегі жұмысына қатысты негізгі ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды. Қатысушыларға сайлау рәсімдерін белгіленген талаптарға сай өткізу, комиссия мүшелерінің өзара іс-қимылы мен жауапкершілігі, сайлаушылар үшін қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың сайлау учаскелеріне кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндірулер берілді.
Сонымен қатар, дауыс беру процесінде туындауы мүмкін практикалық жағдайларға назар аударылып, оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес шешу жолдары қарастырылды.
Оқыту барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар мен практикалық ұсынымдар алды.
Каскадты оқытудың негізгі мақсаты – сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби даярлығын нығайтып, сайлау процесін ұйымдастырудың сапасы мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған практикалық дағдыларын жетілдіру.








