Арнаулы әлеуметтік төлем - зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларының бірі

    Арнаулы әлеуметтік төлем - зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларының бірі

    Арнаулы әлеуметтік төлем заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға тағайындалады. Ол жұмыскерлерге зиянды еңбек жағдайларындағы қызметін тоқтатуға немесе еңбек табысын сақтай отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларындағы жұмысқа ауысуға мүмкіндік береді.

    Арнаулы әлеуметтік төлем бірнеше қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады. Оның құрамына арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы, сақтандыру төлемдері, жұмыс берушілердің қаражаты, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған төлемдер кіреді.

    Аталған қолдау шарасы өндірістегі зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт еңбек еткен жұмыскерлерді қосымша әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.

    Бүгінгі таңда Астана қаласы бойынша 2016 азамат аранаулы әлеуметтік төлем алып отыр

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру және еңбек қауіпсіздігі жүйесін дамыту бағытындағы жұмысты жалғастырады.

    Төлемді тағайындау тәртібі және оның мөлшері туралы толығырақ Зейнетақы және әлеуметтік қаматмасыз ету бөлімінің басшысы Азамат Меллешов тікелей эфирде түсініктеме берді.

    Келесі сілтемемен өту арқылы танысуға болады: https://www.facebook.com/share/v/19MpjFymSP/

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕКТТІК МЕКЕМЕСІ" жаңалықтары