Топардың туристік әлеуеті артып келеді

    Топардың туристік әлеуеті артып келеді

    Абай ауданындағы Топар кентінде ішкі туризмді дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Шерубай-Нұра су қоймасының жағалауын игеру аясында жол және коммуналдық инфрақұрылым жаңғыртылып, отбасылық, сауықтыру және спорттық демалысқа арналған жеке инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

    Топардың туристік әлеуеті артып келеді

    Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Абай ауданына жұмыс сапары барысында Топардағы туристік инфрақұрылымның даму барысымен танысты.

    Топардың туристік әлеуеті артып келеді

    Шерубай-Нұра су қоймасының жағалауы демалушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Қазір мұнда тәулігіне 4 мыңға дейін адамды қабылдай алатын 37 демалыс орны жұмыс істейді. Жыл сайын жазғы маусымда жағалауға өңірдің 150 мыңнан астам тұрғыны мен қонақтар келеді. Бұдан бөлек, тұрғындар мен туристердің игілігі үшін коммуналдық жағажай да жұмыс істейді.

    Топардың туристік әлеуеті артып келеді

    Туризмді дамытудағы басты факторлардың бірі – көлік инфрақұрылымының жай-күйі. Өткен жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен су қоймасының оң жағалауы бойындағы ұзындығы 2,6 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізілді.

    Топардың туристік әлеуеті артып келеді

    Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, оң және сол жағалаудағы демалыс орындарына апаратын 11 шақырымнан астам кірме жол жөнделді.

    Топардың туристік әлеуеті артып келеді

    — Топарды туристік аумақ ретінде дамыту – біз үшін тек демалыс орындарын абаттандырумен шектелмейді. Ең алдымен, адамдардың мұнда жайлы әрі қауіпсіз демалуына, ал кәсіпкерлердің өз бизнесін өркендетіп, жаңа нысандарға инвестиция салуына қажетті жағдай қалыптастыру маңызды. Сапалы жол туристік нысандардың қолжетімділігіне, қызмет көрсету деңгейіне және жағалаудың демалушылар үшін тартымдылығына тікелей ықпал етеді. Сондықтан инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жетілдіріп, жеке бизнестің аумақты одан әрі дамытуға белсенді қатысуына жағдай жасап отырмыз, – деді Абай ауданының әкімі Сабит Оспанов.

    Топардың туристік әлеуеті артып келеді

    Топардың коммуналдық жағажайын абаттандыруға да айрықша көңіл бөлінген. Мұнда кірме жол кеңейтіліп, қосымша төсем төселді, автотұрақ орны жасақталды. Жағажай аумағы тазартылып, кеңейтілді. Демалушыларға қолайлы жағдай жасау үшін көлеңкелі бастырмалар, автономды жарықтандыру және бейнебақылау жүйелері орнатылды.

    Топардың туристік әлеуеті артып келеді

    Су қоймасы жағалауында жеке инвестициялық жобалар да қарқын алып келеді. Солардың бірі – заманауи SERENITY демалыс аймағы мен ретрит-орталығы. Жобаны кәсіпкер Любовь Токупова жүзеге асырған.

    Топардың туристік әлеуеті артып келеді

    Мұнда коттедждер, қонақүй-мейрамхана және монша кешендері салынған. Аумақ абаттандырылып, заманауи жағажай инфрақұрылымы қалыптастырылған.

    Топардың туристік әлеуеті артып келеді

    Жоба отбасылық және сауықтыру туризмін дамытуға бағытталған.

    Топардың туристік әлеуеті артып келеді

    — Топардағы туризмнің даму барысымен таныстым. Су қоймасына дейін жаңа жол салынды. Бүгінде оның алғашқы нәтижелерін көріп отырмыз, соның ішінде жаңа туристік нысандардың ашылуы да бар. Алдымыздағы басты міндет – туристік маусымның ұзақтығын арттырып, көрсетілетін қызмет түрлерін көбейту және Шерубай-Нұра су қоймасының жағалауын тек жаз мезгілінде ғана емес, жыл бойы туристер үшін тартымды орынға айналдыру, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

    Топардың туристік әлеуеті артып келеді

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының туризм басқармасы" жаңалықтары