
2026 жылғы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған «Салық заңнамасының өзекті мәселелері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Кездесу барысында Департамент өкілдері салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері мен салық төлеушілер үшін практикалық маңызы бар өзгерістер туралы ақпарат берді.
Атап айтқанда, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану, бақылау-касса машиналарын пайдалану, сондай-ақ сыра өнімдерін таңбалау және акцизделетін өнімдерді лицензиялау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, ШҚО бойынша МКД өкілдері жалпыға бірдей декларациялау мәселелеріне қатысты түсініктемелер беріп, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Баспасөз конференциясы мемлекеттік кірістер органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік берген ашық алаңға айналды. Кездесу барысында салық заңнамасының өзекті мәселелері талқыланып, салық төлеушілерді қызықтыратын бағыттар бойынша қажетті түсініктемелер берілді.
ШҚО бойынша МКД халықтың салықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ салық төлеушілермен және БАҚ өкілдерімен ашық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.









