Астанада көші-қон заңнамасын сақтау бойынша рейд күшейтілді

    Астанада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.

    Полиция қызметкерлері 500-ден астам түрлі құқық бұзушылықты анықтады. Олардың ішінде ең көп кездесетіндері — көші-қон заңнамасы талаптарын, жол қозғалысы ережелерін, қоғамдық тәртіпті, абаттандыру қағидаларын сақтамау, сондай-ақ қоғамдық орындарды ластау және басқа да құқық бұзушылықтар.

    Атап айтқанда, тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрып жатқан азаматтарға қатысты 200-ден астам факт анықталды. 80-нен астам адам қоғамдық орындарда мас күйінде болған. 60-қа жуық факт кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуына байланысты тіркелді. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге жол бермеуге байланысты 50-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды.

    Алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы заңнама талаптарының сақталуына да ерекше назар аударылды. Осы бағытта 7 құқық бұзушылық тіркелді.

    Мәселен, Сарыарқа ауданында полиция қызметкерлері азық-түлік дүкендерінің бірінде 21 жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін сату фактісінің жолын кесті. Сауда нысанының иесі заң аясында жауапқа тартылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары