Халықтың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру және телефон алаяқтығының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

    Халықтың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру және телефон алаяқтығының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
    17 тамызда Бірлік ауылдық округінде әкім аппаратының мамандары тарапынан тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
    Іс-шараның негізгі мақсаты - халықтың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, азаматтарды телефон алаяқтығынан қорғау және қолжетімді мемлекеттік қызметтерді пайдалану туралы ақпараттандыру.
    Кездесу барысында мамандар телефон алаяқтарының негізгі әдістерін түсіндіріп, бөгде тұлғаларға жеке куәлікті көрсетпеуді, сондай-ақ банк өкілдері атынан күмәнді қоңыраулар түскенде сабыр сақтауды ескертті. Сонымен бірге тұрғындарға қаржылық міндеттемелерге жауапкершілікпен қарау және ойланбастан микрокредиттер мен онлайн қарыздарды рәсімдеуден бас тарту сияқты нақты ұсыныстар айтылды. Түсіндіру жұмыстарының соңында азаматтарға киберқылмыстың алдын алу ережелері жазылған арнайы ақпараттық парақшалар таратылды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары