Іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер – Министрдің орынбасары-Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Нұрлан Байбазаров және қаржы министрі Мәди Тақиев қатысты.

    Президент экономикадағы ағымдағы жағдай және 2027-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, сондай-ақ 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджеттің параметрлері туралы баяндамаларды тыңдады.

    Талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсу көрсеткіштеріне қол жеткізу және республикалық және жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

    Мемлекет басшысы 2027-2029 жылдарға арналған бюджеттің басты басымдықтарының бірі ауруханаларды, балаларды оңалту орталықтарын, мәдениет, спорт объектілерін қоса алғанда, инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілердің озыңқы құрылысын белгіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақой ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары