ТЕМІРЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАҢЫЗДАР!

    Құрметті Босаға ауылының тұрғындары мен қонақтары!

    Ақадыр станциясындағы Көліктегі полиция бөлімшесінің қызмет көрсету аумағында жолаушылар және жүк пойыздарының адамдарды қағып кетуіне байланысты 2 жағдай орын алды.

    Осыған байланысты азаматтарды теміржолдағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

    ТЕМІРЖОЛДАН ҚАУІПСІЗ ӨТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

    * Теміржолды тек арнайы белгіленген өткелдер, көпірлер немесе тоннельдер арқылы кесіп өтіңіз.
    * Өтер алдында екі жақтан пойыздың жақындап келе жатпағанына көз жеткізіңіз.
    * Құлаққап пен ұялы телефонға алаңдамай, айналаға мұқият болыңыз.
    * Жақындап келе жатқан пойыздың алдынан жүгіріп өтпеңіз.

    ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

    * Теміржол жолдарымен рұқсат етілмеген жерлерде жүруге және кесіп өтуге;
    * Тоқтап тұрған вагондардың астынан немесе автотіркемелерінің үстінен өтуге;
    * Пойызға жақын жерде қауіпті әрекеттер жасауға;
    * Платформаның қауіпсіздік сызығынан асып кетуге;
    * Пойыз жанында платформа бойымен жүгіруге;
    * Теміржол объектілерінде мас күйінде болуға.

    АТА-АНАЛАРҒА!

    Балаларды теміржол станциялары мен платформаларда қараусыз қалдырмаңыздар. Теміржолдың қауіпті аймақ екенін түсіндіру міндетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Босаға ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары