
Ұлытау облысының Тексеру комиссиясының отырысында «Жезқазған қаласы әкімінің аппараты» ММ, «Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Жезқазған қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ, «Мәдениет және демалыс парктерін басқару» КМҚК және «Жезқазған қаласының құрылыс бөлімі» ММ қызметі бойынша жүргізілген Жезқазған қаласының жекелеген бағыттары бойынша жергілікті бюджетті жоспарлау және атқару, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудиттін қорытындылары шығарылды.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 9 056 033,7 мың теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар - 1 186 348,2 мың теңге, жіберіп алынған пайда - 40 819,6 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану - 7 828 865,9 мың теңге. Процедураларды орындау тәртібінің 54 бұзушылығы және 4 жүйелі кемшілік анықталды.
Аудит нәтижелері бойынша заңнама нормаларының бұзылуына себеп болған келесі мәселелер анықталды: тиімді ішкі бақылаудың жоқтығы, ведомстволық мониторингтің жеткіліксіздігі, қаржылық әкімшілендіру сапасының төмендігі, бюджеттік жоспарлауға формалды түрде қарау, сондай-ақ бюджет, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарының тиісінше сақталмауы.
Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар бұзушылықтар 4 аудит объектісінде (55 факт) анықталды. Аталған материалдар лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, сондай-ақ «Ұлытау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-не жолданды.
Мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөніндегі ұсынымдар қамтылған аудиторлық қорытынды мен нұсқамалар жолданды.
Аудиторлық іс-шараның қорытындылары Жезқазған қаласының мәслихаты мен әкімдігіне, сондай-ақ Ұлытау облысының әкімдігіне жолданды.
Төмендегі сілтемені басу арқылы Аудиторлық қорытындымен таныса аласыз.
https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomulytau/documents/details/1055800?lang=kk






