Мемлекеттік еңбек инспекциясының Абай облысы бойынша департаментінде апта сайынғы жұмыс кеңесі өтті.

    Мемлекеттік еңбек инспекциясының Абай облысы бойынша департаментінде апта сайынғы жұмыс кеңесі өтті.

    Абай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінде Департамент басшысы Е. С. Ниятқабыловтың төрағалығымен апта сайынғы жұмыс кеңесі өтті.

    Кеңес барысында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жетілдіруге және жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

    Атап айтқанда, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесіне қатысты мәселелер талқыланды. Осы бағыттағы одан әрі өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында облыстық және аудандық әкімдіктерге тиісті хат жолдау көзделді.

    Сондай-ақ кеңеске қатысушылар Меморандумға өзгерістер енгізу мәселелерін талқылады. Ұсыныстарды егжей-тегжейлі қарау және одан әрі іс-қимылдарды келісу мақсатында Полиция департаментінің, Денсаулық сақтау басқармасының және кәсіподақтардың өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесін ұйымдастыру жоспарлануда.

    Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық және әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, адалдық, объективтілік және жауапкершілік қағидаттарын мүлтіксіз сақтау, сондай-ақ белгіленген қызметтік әдеп нормаларын ұстану қажеттігі атап өтілді.

    Әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмысқа да ерекше назар аударылды. Орналастырылатын ақпаратты тұрақты түрде жаңартып отыру, сондай-ақ аппараттық және кеңейтілген кеңестер хаттамаларының тиісті түрде ресімделуін және кейіннен әлеуметтік желілерде жариялануын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.

    Кеңес қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, жұмыстың одан әрі бағыттары мен оларды орындау мерзімдері айқындалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары