
«Еңбек күні» мерекесіне орай, сонымен қатар «Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында, Еңбек инспекциясы департаменті еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында — қала прокуратурасымен, Полиция департаментімен және «Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағымен бірлесіп — «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында құқықтық кепілдіктер, қауіп-қатер төнген және зорлық-зомбылық қолданылған жағдайларда әрекет ету тәртібі, медицина қызметкерлері мен жүргізушілердің кәсіби қызметіне кедергі келтіргені үшін жауапкершілік, сондай-ақ құқық қорғау органдарына жүгіну және олармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі талқыланды.
Бейнеролик сілтеме бойынша: https://www.gov.kz/memleket/entities/abai-enbek/press/media/details/88877?lang=ru








