Таразда Тұрысов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

    Таразда Тұрысов көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

    Тараз қаласында Тұрысов көшесінің Рысқұлов көшесінен Төле би даңғылына дейінгі аралығындағы жаяу жүргіншілер жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

    Жөндеу жұмыстарын мердігер ұйым – «Айя Сервис» ЖШС атқаруда.

    Жөнделетін учаскенің ұзындығы 1,123 шақырымды құрайды.

    Жұмыстардың негізгі мақсаты – жаяу жүргіншілерге қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және қалалық инфрақұрылымның сапасын арттыру.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары