Полицияға 56 жастағы ер адам алаяқтық фактісі бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ол Telegram әлеуметтік желісінен мұнай компаниясына вахталық әдіспен жұмысқа орналасу туралы хабарландыруды көрген. Хат алмасу барысында белгісіз азамат белгілі бір ақыға жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде берген. Оған сенген ер адам көрсетілген есепшотқа 126 мың теңге аударған. Алайда ақшаны алғаннан кейін күдікті байланысқа шықпаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол көршілес облыстың 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда. Полиция азаматтарды интернеттегі жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарға сақтықпен қарауға шақырады. Жұмысқа орналастыруға немесе құжаттарды рәсімдеуге көмектесемін деген белгісіз адамдарға ақша аудармаңыз.
Жұмысқа орналастыруды сылтауратып жасалған алаяқтық: тұрғын 126 мың теңгесінен айырылған
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Егін жинау науқаны – 2026: Олжас Бектенов жиналған астықтың сақталуы және диқандарды ерте қаржыландыру жұмыстарын бастауды тапсырды
Ашу
Асқарбек Ертаев азаматтарды жеке қабылдады
ҚР ЕХӘҚМАшу
Екібастұз қаласының әкімі А.У. Бейсекиннің 2026 жылғы 2 қазан мен 25 қараша аралығында өткізілетін халықпен тұрақты кездесулер КЕСТЕСІ
Екібастұз қаласының әкімдігіАшу
Жұмыс, әлеуметтік қолдау және медицина: Астанада тұрғындарға тегін кеңес берілді
Астана қаласының әкімдігіАшу
АЛАКӨЛДЕ ЕҢБЕК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Жетісу облысы Алакөл ауданы Сапақ ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары
Қазақстанның жолаушылар пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуНовая Конституция — основа государственности #ЗаконИПорядок
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуШекарашылар күні құтты болсын!
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің аппаратыАшуТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ТАЗА ҚОРШАҒАН ОРТА, ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу