
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өндірістік жарақаттанудың алдын алубойынша профилактикалық жұмыстардыкүшейтуде.
Еңбек министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті еліміз бойынша 500 мыңнан астам жұмыс берушіге еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды күшейту жөніндегі ұсынымдарын жолдады.
Бұл шара профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыруға, жұмыс орындарындағы тәуекелдерді уақтылы анықтауға және еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша еліміздің кәсіпорындарында 727 жұмыскер зардап шеккен. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 24,5%-ға өсіп отыр.
Бұл ретте ауыр жарақат алған жұмыскерлер саны 409-дан 476 адамға дейін, яғни 16,4%-ға артқан.
Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарының талдауы көрсеткендей, өндірістік жарақаттанудың негізгі себептерінің қатарында – жұмыстарды қауіпсіз орындауды ұйымдастырудың жеткіліксіздігі, қауіпсіздік талаптарының сақталуына тиісті бақылаудың болмауы, ақауы бар жабдықтарды пайдалану, сондай-ақ қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізу кезіндегі талаптардың бұзылуы кездеседі.









