Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жарма аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК Абай облысы бойынша №2 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімі бірлесіп, семинар-кеңес өткізді

    Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жарма аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК Абай облысы бойынша №2 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімі бірлесіп, семинар-кеңес өткізді

    2026 жылғы 13–14 тамыз аралығында Жарма ауданында өткен іс-сапар аясында №2 МӘС бөлімінің мамандары Қалбатау ауылында Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жарма аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК ДКК төрағасымен және дәрігерлерімен семинар-кеңес өткізді.
    Жұмыс медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес штаттық режимде жүргізілді.
    Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
    1. азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға алғаш рет жолдаудың негізгі критерийлері;
    2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау;
    3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдау мерзімдерінің сақталуы.
    4. мүгедектігі бар адамдарды сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге арналған медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер.

    Іс-шара соңында медициналық ұйымның дәрігерлері семинар тақырыптарына қатысты сұрақтарын қойып, олардың барлығына жан-жақты түсіндірмелер берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АБАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ" жаңалықтары