Спорт — денсаулық кепілі

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Спорт — денсаулық кепілі

    Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Департамент бастығының кубогы үшін шағын футболдан жарыс өтті.

    Іс-шара жеке құрам арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, сондай-ақ қызметкерлердің дене дайындығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

    Спорт азаматтық қорғау қызметкерлерінің өмірінде маңызды орын алады. Дене дайындығы денсаулықты нығайтып, төзімділік, күш, тәртіп және командалық рухты қалыптастыруға ықпал етеді. Құтқарушылар үшін жоғары физикалық дайындық қызметтік міндеттерді сапалы орындаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Себебі олардың қызметі жоғары төзімділікті, шапшаңдықты және күрделі жағдайларда жедел әрекет етуге дайын болуды талап етеді.

    Жарыс барысында командалар өздерінің спорттық шеберлігін, жеңіске деген жігерін және ұйымшыл ойын көрсетті. Ойындар салауатты бәсекелестік пен өзара сыйластық жағдайында өтті.

    Мұндай спорттық іс-шаралар қызметкерлердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұжымның ауызбіршілігін арттыруға, командалық рухты қалыптастыруға және жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

    Департамент бастығының кубогы қызметкерлерге өздерінің спорттық қабілеттерін танытып, жағымды эмоцияға бөленуге және алдағы қызметке жаңа күш-жігермен кірісуге мүмкіндік берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары