Түркістан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары тексерілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Түркістан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары тексерілді

    ТЖД қызметкерлері 2026–2027 жылдарға арналған инженерлік іс-шаралардың орындалуын зерделеп, олардың алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығын бағалады.

    Түркістан облысында алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда.

    Төтенше жағдайлардың алдын алу және су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 2026–2027 жылдарға арналған Инженерлік іс-шаралар жоспарына сәйкес орындалған жұмыстарға тексеру жүргізді.

    Зерделеу барысында инженерлік іс-шаралардың белгіленген талаптарға сәйкес орындалуы, олардың техникалық жай-күйі және алдағы су тасқыны кезеңінде тиімді пайдалануға дайындығы қаралды.

    Аталған жұмыстар су тасқыны қаупін азайтуға, елді мекендерді су басудың алдын алуға және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін төмендетуге бағытталған.

    ТЖД қызметкерлері инженерлік нысандардың дайындығын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды уақытылы жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

    Алдағы уақытта да облыс аумағында су тасқыны кезеңіне дайындық барысы бақылауда болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары