
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «біз жүргізіп жатқан ауқымды жұмыстардың барлығы – өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін» деген сөзі мемлекеттік саясаттың басты мақсаттарының бірін айқын көрсетеді. Ол – балалар мен жастардың өмір сүруіне, білім алуына және жан-жақты дамуына лайықты жағдай жасау. Бүгінде Қазақстан білім беру, цифрландыру, ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау салаларында жүйелі реформаларды жүзеге асырып келеді. Себебі өскелең ұрпақ – еліміздің болашағын қалыптастыратын негізгі күш.Қазіргі заманда білім, инновация және жаңа технологиялардың маңызы артып келеді. Жасанды интеллект, цифрлық экономика және заманауи өндірістердің дамуы білімді, бастамашыл әрі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды талап етеді. Сондықтан мемлекет білім сапасын арттыруға, ғылымды дамытуға, талантты жастарды қолдауға және әрбір азаматтың өз қабілетін жүзеге асыруына тең мүмкіндік жасауға ерекше көңіл бөлуде.Жастарға жасалған жағдай – елдің болашағына салынған инвестиция. Бүгінгі білімді, еңбекқор және отансүйгіш жас ұрпақ ертең Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып, мемлекеттің өркендеуіне қызмет ететін болады. Сондықтан өскелең ұрпақтың жарқын болашағы – баршамызға ортақ міндет әрі үлкен жауапкершілік.








