ПАВЛОДАР: Балалар лагерінде қаржылық сауаттылық және киберқауіпсіздік мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ПАВЛОДАР: Балалар лагерінде қаржылық сауаттылық және киберқауіпсіздік мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өтті

    Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Тереңкөл ауданының Федоровка ауылында орналасқан Оқушылар үйі жанындағы балалар лагеріне барып, балаларға арналған профилактикалық кездесу өткізді.

    Іс-шараға 120-дан астам тәрбиеленуші қатысты. Департамент қызметкерлері балаларға түсінікті әрі интерактивті түрде қаржылық сауаттылық негіздері, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері және кең таралған интернет-алаяқтық схемалары туралы айтып берді.

    Лудомания мен дропперліктің алдын алуға ерекше назар аударылды. Қатысушыларға құмар ойындарға тәуелділіктің қауіптілігі, сондай-ақ алаяқтардың жастарды заңсыз қаржылық схемаларға қалай тартатыны түсіндірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары