ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен және аудан прокуроры Д.Булекбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Құрылтай сайлауын өткізуге дайындық барысы бойынша отырыс өтті. Жиында аудандағы саяси ахуал, учаскелік сайлау комиссияларының құрылуы мен сайлау учаскелерінің дайындығы талқыланды. Аудан бойынша 23 139 сайлаушы тіркеліп, 48 учаскеде 286 комиссия мүшесі жұмылдырылғаны хабарланды. Аудан әкімі сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын, әсіресе мүгедектігі бар азаматтар үшін Брайль қарпіндегі маңдайшалар, тактильді көрсеткіштер мен кіреберіс батырмаларын қамтамасыз етуді тапсырды. Ал аудан прокуроры сайлау күні қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті жоғары деңгейде сақтауды жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары