Жетісу облысындағы есірткіге қарсы жұмыс: үнсіздік – тығырыққа тірейді

    Жетісу облысындағы есірткіге қарсы жұмыс: үнсіздік – тығырыққа тірейді

    Есірткі – жай ғана құқық бұзушылық емес. Оның артында қираған отбасылар, үзілген тағдырлар, денсаулық пен өмірден айырылған адамдар тұр. Сондықтан профилактика – қайғылы жағдайдың алдын алуға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі.

    Жетісу облысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Өңір аумағында есірткіге қарсы бағытталған 41 баннер орнатылған. Ал Талдықорған қаласында қосымша 9 ақпараттық материал орналастырылды. Оның ішінде үш билборд, үш аялдама баннері және үш лайтбокс бар.

    Ақпараттық материалдарда анонимді түрде кеңес алуға болатын байланыс нөмірлері мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ресми Instagram парақшасы көрсетілген.

    Бұл жай ғана әлеуметтік жарнама емес. Бұл – қоғамға берілген маңызды үндеу. Есірткі адамның денсаулығын, еркіндігін, жақындарын және болашағын тартып алады.

    Полиция азаматтарды бейжай қалмауға шақырады. Егер сізге есірткі тарату, есірткі сатумен айналысатын адамдар немесе жасырын орындарға есірткі қалдыру фактілері туралы ақпарат белгілі болса, бұл туралы хабарлаңыз. Өйткені үнсіздік өзгенің тәуелділігінен пайда тауып отырған адамдардың әрекетіне жол ашады.

    Жетісу облысында есірткіге қарсы жұмыс жалғасуда.

    Есірткіге отбасымызда, ауламызда және қаламызда орын жоқ. Бейжай қалмаңыз, дер кезінде хабар беріп, қауіпті тоқтатуға көмектесіңіз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары