Бір түнде Абай облысының полицейлері 233 жол қозғалысы ережесін бұзушылықтың жолын кесіп, ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алды

    Бір түнде Абай облысының полицейлері 233 жол қозғалысы ережесін бұзушылықтың жолын кесіп, ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алды

    Демалыс күндері Абай облысының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған түнгі рейдтік іс-шара өткізді.

    Бір түннің ішінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 233 дерегін анықтап, жолын кесті. Олардың әрқайсысы жүргізушілердің, жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін еді.

    Анықталған құқық бұзушылықтардың қатарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау, қауіпсіздік белдігін және мотошлемді пайдаланбау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолдану, қауіпті маневр жасау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, сондай-ақ көлік құралын жүргізу құқығынсыз, міндетті сақтандырусыз және техникалық байқаудан өткізбей басқару фактілері бар.

    Ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды. Полицейлер алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде көлік жүргізген екі жүргізушіні дер кезінде көлік басқарудан шеттетті. Тағы бір жағдайда жолда апатты жағдай туғызу әрекетінің жолы кесілді.

    Сонымен қатар тіркеуден өтпеген, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын пайдалану, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ немесе нөмірлері оқылмайтын автокөліктер де анықталды.

    Құқық бұзушыларға қатысты заңнамада көзделген шаралар қабылданды. Жеті автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

    Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Жасұлан Байкенов:

    Әрбір дер кезінде анықталып, жолы кесілген құқық бұзушылық — ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алу. Жолдағы қауіпсіздік әрбір азаматтың жауапкершілігі мен тәртібіне тікелей байланысты, — деді.


    Абай облысы Полиция департаменті мұндай іс-шаралардың басты мақсаты — қауіпті жағдайлардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу және адам өмірін сақтау екенін еске салады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары