Ақтөбе облысында «Ұлғайсын – Сексеуіл» автожолы қайта жаңарады

    Ақтөбе облысында «Ұлғайсын – Сексеуіл» автожолы қайта жаңарады

    Бүгін Мемлекет басшысы Ақордада өткен телекөпір арқылы «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысын бастап берді.

    Телекөпірге Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстары қосылды.

    Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Президентке өңірде стратегиялық маңызы бар бірнеше ірі инфрақұрылымдық жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын баяндады. Бүгінде «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолының құрылысы қарқынды жүргізілуде.

    Аймақ басшысы «Ұлғайсын – Сексеуіл» автожолының жаңа жобасын іске асыруға дайын екенін жеткізді. Жоба нәтижесінде төрт ауданның 117 мыңнан астам тұрғыны қауіпсіз әрі сапалы көлік қатынасымен қамтылады. Жоба аясында 40-тан астам жол бойы сервистік нысан ашылып, 600 тұрақты жұмыс орны құрылады.

    Баяндама соңында облыс әкімі өңір тұрғындары атынан Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына көрсетіп отырған тұрақты қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Хромтау ауданы әкімдігі" жаңалықтары