
10 тамыз – Абай күні
Ұлы Абайдың мұрасы – ұлттың рухани қазынасы, ұрпаққа қалдырған өшпес аманаты.
Абайды оқу – білімге ұмтылу, ойлану, өзіңді тану.
Абай сөзі – әр буынға бағыт берер тағылым.
Осы айтулы күнге орай Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімдігі ұлы ақынның шығармашылығы мен өнегелі мұрасын дәріптеу мақсатында арнайы бейнеролик әзірледі.
Абайды оқу – өзіңді тану.
Абайды тану – ұлтты тану.
Абай күні жылы құтты болсын!









