
НАҚТЫ МІНДЕТТЕР – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ
Бүгінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту, өзекті мәселелерін жүйелі шешу және алдағы кезеңге нақты міндеттер белгілеу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат мәжілісінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін арттыратын бірқатар салалар сараланып, маңызды мәселелер талқыланды.
Жиында 2026–2027 жылдардағы жылу маусымына дайындық барысына ерекше назар аударылды. Тиісті сала басшыларына жылу нысандары мен әлеуметтік нысандардың маусымға әзірлігін қамтамасыз ету, анықталған кемшіліктерді уақытылы жою жөнінде тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару және оларды ауыл шаруашылығы айналымына енгізу мәселесі де қаралды. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеу, жер ресурстарын тиімді пайдалану және нақты нәтижеге қол жеткізу қажеттігі айтылды.
Күзгі әскерге шақыру науқанына дайындық та мәжілістің күн тәртібінен орын алды. Әскери есепте тұрған азаматтарды зерделеу, шақыру науқанын ұйымдасқан түрде өткізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.
Бұдан бөлек, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобалар, қала, кент және ауылдық округтерде өндірістік парктер құру, «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы, сондай-ақ, тұтынушылардан ауыз су бойынша қалыптасқан берешекті өндіру мәселелері талқыланды.
Аудан басшысы әрбір бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесіне мән беріп, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Әр тапсырманың орындалу мерзімі белгіленіп, жұмыстың сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Есенгелді Алданиязовқа жүктелді.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі









