
Сіздерді Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Спорт - тек тән сұлулығы мен денсаулық кепілі емес, бұл мұқалмас қажыр-қайраттың, биік рух пен жасампаздықтың символы. Бүгінде кеншілер шаһары Екібастұздың атын дүбірлі додаларда, республикалық және халықаралық ареналарда асқақтатып жүрген спортшыларымыз - біздің ортақ мақтанышымыз.
Шәкірттерін жеңіске жетелеп, бойына отансүйгіштік қасиетті сіңірген ардагерлеріміз бен жаттықтырушылар қауымына өз ісіне деген адалдығы мен қажымас еңбегі үшін шексіз алғысымды білдіремін.
Сіздерге сарқылмас күш-жігер, мұқалмас қанат және алдағы уақытта тек биік тұғырлардан көрінуді тілеймін! Еңбектеріңіз еленіп, еліміздің көк туы көкте желбірей берсін! Жарқын жеңістер серіктеріңіз болсын!
Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы








