«Қосылған құн салығының мөлшерлемесі өткізу бойынша салық салынатын айналымның және импорттың мөлшеріне қолданылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесін бекіту туралы» (бұдан әрі – Тізбе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1204 қаулысына өзгерістер енгізілуіне байланысты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін нысаналы мақсатты растауды беру алынып тасталды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар үшін нысаналы мақсатты растауды бұдан былай бермейді.
Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 542 қаулысымен қолданысқа енгізілді (https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2600000542#z36).
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 5 пайыз, ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 пайыз көлемінде, Тізбеге енгізілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өткізу және импорттау бойынша салық салынатын айналымға қолданылады, мынадай құжаттар болған кезде:
- «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Републикасының Заңында белгіленген тәртіппен фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның немесе медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуге берілген қызметтің немесе жекелеген әрекеттерді жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон;
- дәрілік заттың немесе медициналық бұйымның тіркеу куәлігі (тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар импорты кезінде);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығына сәйкес берілген рұқсат құжаты (тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар импорты кезінде).
Кедендік ресімдеуге және салық жеңілдіктерін қолдануға құжаттар дайындау кезінде көрсетілген өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Тізбенің жаңартылған нұсқасын «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінен көруге болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2500001204
Құрметті өтініш берушілер!
Ұқсас материалдар

Әрбір жануар АЖЖ базасында тіркелуі тиіс
Облыстық мәслихаттың аппаратыАшу
Қостанай облысында жайылым тапшылығы сақталуда
Облыстық мәслихаттың аппаратыАшу
Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен кетті
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
Маңғыстауда Еңбек күніне орай сала үздіктері марапатталды
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
«Ауыл спорты – 2026» облыстық біріншілігінің аудандық кезеңі өтті
Ашу
"" жаңалықтары

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінде "Ашық есік күні" өтті
Ашу
Ашық есік күні
Ашу
Қазақстанда 589 дәрілік препараттың бағасы төмендеді
Ашу
ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті дәрілік заттар (ДЗ) мен медициналық бұйымдарды (МБ) жою қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі туралы хабарлайды
Ашу
Медициналық көмектің сапасын цифрландыру арқылы арттырамыз!
Ашу