«Мүмкіндік» әлеуметтік-құқықтық акциясы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Мүмкіндік» әлеуметтік-құқықтық акциясы

    24 шілде күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Қостанай облысында «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында мүгедектігі бар адамдарға арналған «Мүмкіндік» облыстық әлеуметтік-құқықтық акциясы өтеді.

    Акцияға прокуратура органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жұмыс берушілер және оқу орталықтары қатысады.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және еңбек тұрғыдан интеграциялануына жәрдемдесу, жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқуға және қайта даярлауға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру.

    Акция барысында қатысушылар қажетті кеңестер алып, мамандарға сұрақтар қойып, жұмыс берушілермен және мемлекеттік органдармен тікелей байланыс орната алады.

    Осындай іс-шаралар Қостанай облысының барлық қалалары мен аудандарында аумақтық прокуратура органдарының үйлестіруімен өтеді.

    📍 Қостанай қаласында өткізу орны:
    Юбилейный шағын ауданы, 56, «Жастар сарайы» ғимараты.

    📞 Анықтама телефондары:
    8 (7142) 53-26-03, 54-94-94.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары