Саланың цифрлық трансформациясы

    Саланың цифрлық трансформациясы

    Қазақстан РеспубликасыныңЭкология және табиғи ресурстар министрлігі әртүрлі ақпараттық жүйелерден басқарудың бірыңғай цифрлық контурына көшумен саланы кешенді цифрлық трансформациялауды жүргізуде.

    Бүгінгі таңда процестердің 29 тобының 15-і толық цифрландырылған, тағы 8-і ішінара, бұл ретте цифрлық үкімет архитектурасына сәйкес салалық деректердің 71% - ы цифрлық форматта ұсынылған.

    Келесі кезең қалған процестерді қайта құруды, деректерді шоғырландыруды және жасанды интеллект құралдарын енгізуді қарастырады. Бұл орын алған бұзушылықтарға ден қоюдан экологиялық тәуекелдерді белсенді анықтауға көшуге, қалдықтармен жұмыс істеудің ашықтығын, экологиялық бақылаудың тиімділігін және табиғи қауіп-қатерлерге ден қоюдың жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары