Шөп шабу кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі!

    Шөп шабу кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі!

    Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті шабындық алқаптарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде. Қазіргі уақытта өңірде шөп дайындау жұмыстары қызу жүріп жатқандықтан, қауіпсіздік мәселелері аса өзекті болып отыр.

    Өрт қауіпті кезең басталғалы бері Павлодар облысының ТЖД 1533 рейдтік іс-шара өткізді. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 262 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Жүргізілген рейдтер барысында шабындық алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 589-бабының 1-бөлігі бойынша 24 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Биыл ұшқын сөндіргіштердің болмауына байланысты 4 рет өрт шығу фактісі тіркелді. Аталған фактілер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 589-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

    Рейдтер барысында инспекторлар шабындық учаскелерінің аумағын тексереді, алғашқы өрт сөндіру құралдарының, атап айтқанда өрт сөндіргіштердің, су толтырылған бөшкелердің және минералдандырылған жолақтардың болуына назар аударады. Сондай-ақ техниканың жарамдылығына ерекше көңіл бөлінеді, өйткені егіс алқаптарындағы жұмыс кезінде пайда болған бір ғана ұшқын өртке себеп болуы мүмкін.

    Іс-шаралар аясында өрттің алдын алуға бағытталған негізгі талаптар мен ұсынымдар қамтылған жадынамалар да таратылады.

    Павлодар облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салады!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары