Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде «Ойынға тәуелділік: себептері мен салдары» тақырыбында оқыту семинары өтті

    Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде «Ойынға тәуелділік: себептері мен салдары» тақырыбында оқыту семинары өтті

    Бүгін, 13 тамызда, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде «Ойынға тәуелділік: себептері мен салдары» тақырыбында оқыту семинары өтті.

    Семинарда лектор ретінде экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, психолог, гештальт-терапевт, дағдарыстық жағдайлар психотерапевті және тәуелділіктермен жұмыс істеу жөніндегі маман Нұрмағанбетов Қайрат Қуанышбайұлы сөз сөйледі.

    Семинар барысында ойынға тәуелділіктің табиғаты мен қалыптасу тетіктері, оның негізгі себептері мен даму кезеңдері, сондай-ақ лудоманияның психологиялық, әлеуметтік, отбасылық және кәсіби салдары қарастырылды. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы ойынға тәуелділікке байланысты тәуекелдерге және заңнамада белгіленген құмар ойындарға қатысуға қойылатын шектеулерді сақтаудың қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

    Қайрат Нұрмағанбетов сондай-ақ тәуелділіктермен жұмыс істеудегі кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, тәуелділіктің жалпы қалыптасу белгілеріне, оған тартылу тетіктеріне және мінез-құлықты бақылауды жоғалтуға ықпал ететін факторларға жан-жақты тоқталды.

    Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыруға, тәуелді мінез-құлықтың алдын алуға және мемлекеттік қызметтегі жауапты мінез-құлық мәдениетін нығайтуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары