КӨЛЕҢКЕЛІ НАРЫҚҚА СОҚҚЫ: МҰНАЙ, АЛКОГОЛЬДІК ӨНІМДЕР МЕН КОНТРАФАКТІЛІК ТЕМЕКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

    КӨЛЕҢКЕЛІ НАРЫҚҚА СОҚҚЫ: МҰНАЙ, АЛКОГОЛЬДІК ӨНІМДЕР МЕН КОНТРАФАКТІЛІК ТЕМЕКІНІҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫНЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

    Абай облысы бойынша МКД қызметкерлері акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылауды күшейтті.

    Аягөз ауданында жүргізілген тақырыптық (рейдтік) тексерулердің нәтижесінде тіркелмеген автожанармай құю станциясы арқылы мұнай өнімдерін заңсыз айналымға шығару фактісі анықталды. Сонымен қатар, Алакөл көлінің жағалауында алкоголь өнімдерін лицензиясыз және ілеспе құжаттарсыз өткізу, сондай-ақ контрафактілік темекі өнімдерін сату фактілері анықталды.

    2026 жылғы маусым–шілде айларындағы нәтижелер:

    тіркелмеген жанармай құю станциясынан 40 мың литрден астам мұнай өнімдері тәркіленді;
    лицензиясыз және тауарларға ілеспе құжаттарсыз өткізілген 30 397 бөтелке және 1 650 литр алкоголь өнімі тәркіленді;
    сәйкестендіру құралдары жоқ 270 қаптама контрафактілік темекі өнімдері заңсыз айналымнан алынды.

    Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды. Алкоголь өнімдерін ірі көлемде заңсыз айналымға жіберудің бір фактісі бойынша материалдар Абай облысы бойынша ЭТТД жолданды.

    2026 жылдың басынан бергі нәтижелер:
    Алкоголь өнімдері бойынша 64 тексеру жүргізіліп, 38 106 литр заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім — 164%.
    Темекі өнімдері бойынша 15 тексеру жүргізіліп, 304 428 қаптама контрафактілік темекі тәркіленді. Көрсеткіш 10 еседен астамға (1041%) өсті.
    Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымының 2 фактісі анықталып, жалпы көлемі 44,871 тоннаны құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өсім — 3,7%.

    Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы бюджетке залал келтіреді, адал бәсекелестікке нұқсан келтіреді және тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
    Абай облысы бойынша МКД акцизделетін өнімдердің көлеңкелі айналымын анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары