
Құрметті Алматы облысының тұрғындары!
Алдағы Құрылтай сайлауына дайындық аясында әрбір азамат сайлаушылар тізімінен өзін оңай әрі жылдам тексеріп, өзінің сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын біле алады.
Сіздер үшін 3 ыңғайлы сервис қолжетімді:
Ресми сайт
sailau.almobl.kz сайтына кіріп, ЖСН-іңізді енгізіңіз – сайлау учаскеңіз туралы ақпаратты бірден алыңыз.
Telegram-бот
Telegram желісіндегі @sailau_almobl_bot ботын іске қосыңыз – қажетті ақпаратқа бірнеше батырманы басу арқылы қол жеткізе аласыз.
«109» бірыңғай байланыс орталығы
Сұрақтарыңыз болса немесе мессенджер арқылы хабарласу ыңғайлы болса:
- 109 тегін нөміріне қоңырау шалыңыз;
- WhatsApp: +7 (771) 710-91-09 нөміріне жазыңыз.
Құрылтай сайлауына қатысуыңыз барынша ыңғайлы болуы үшін деректеріңізді алдын ала тексеріңіз!









