
2026 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі1) 4,5% құрады.
2026 жылғы II тоқсанда халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп зерттеуі деректері бойынша жұмыс күшінің саны 9844,5 мың адамды құрады. Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9399,9 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 7253,2 мың-ы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 77,2%) жалдамалы қызметкер болса, 2146,7 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 22,8%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,3% құрады.
Өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 99,5 мың адамға өсті, негізінен жалдамалы қызметкерлердің есебінен өсті.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі сауда (16,8%), білім беру (13,3%), өнеркәсіп (12,4%) және ауыл шаруашылығы (10,5%) салаларында байқалды.
Жұмыс істемейтін, білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 5,7%-ды құрады.
15-34 жастағы2) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9% құрады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2026 жылғы маусым айының соңына 333,1 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,4%-ын құрады.
Анықтама:
Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.
1)Халықтың жұмыспен қамтылуына іріктемелі жүргізілетін зерттеу деректері.
2)Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.








