
Ауылдық округте қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа ақынның өнегелі өмірі мен тағылымды еңбектерін таныстыру мақсатында «Абайдың асыл мұралары» атты мәдени-көпшілік іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында Абайдың қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесі, оның өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні туралы кеңінен айтылды. Қатысушыларға ақынның шығармашылық жолы, адамгершілік, білім мен ғылым, еңбекқорлық, ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ой-тұжырымдары таныстырылды.
Шара барысында Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылып, ақынның өлеңдері оқылып, қара сөздерінен үзінділер ұсынылды. Қатысушылар ұлы ойшылдың шығармаларындағы терең мағыналы нақыл сөздер мен тәрбиелік тағылымдарға тоқталып, өз ойларымен бөлісті.
Абай мұрасы – ұлт руханиятының баға жетпес қазынасы. Оның «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Көзімнің қарасы» сынды шығармалары бүгінгі ұрпақ үшін де маңызын жоғалтқан жоқ. Ақынның білімге, еңбекке, адалдыққа және адамдық қасиеттерге үндейтін шығармалары жас ұрпақты рухани тұрғыдан тәрбиелеуде ерекше орын алады.
Іс-шара соңында қатысушылар Абай шығармашылығының қазіргі қоғамдағы маңызына тоқталып, ақынның мол мұрасын кейінгі ұрпаққа насихаттау – баршамызға ортақ міндет екенін атап өтті
В завершение мероприятия участники отметили, что сохранение и популяризация богатого наследия Абая, его духовных и нравственных ценностей являются важной частью воспитания подрастающего поколения и сохранения национальной культуры.









