«Мектепке жол»: Қонаевта оқушыларға 75 млн теңгеге қолдау көрсетілді

    «Мектепке жол»: Қонаевта оқушыларға 75 млн теңгеге қолдау көрсетілді

    Қонаев қаласында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

    Білім бөлімінің мәліметінше, осы уақытқа дейін мемлекеттік бюджеттен 73 млн теңгеден астам қаржы қарастырылып, 1442 баланың ата-анасының шотына ақша аударылды. Мемлекеттік қолдауға ие болғандардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек алушылар, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан, жетім және қамқоршылықтағы, әлеуметтік осал топтан шыққан балалар бар.

    Сондай-ақ қала кәсіпкерлері акцияға белсенді қатысуда. Демеушілер тарапынан 53 балаға 2 млн теңге сомасында көмек көрсетілді.

    Аталған акция тамыздың 31-не дейін жалғасады.

    Қосымша сұрақтар мен өтінімдерді қабылдау үшін әр білім ошағында байланыс орталықтары құрылған:
    1. Орта мектеп-гимназиясы – 87075938267
    2. Қазақ орта мектеп-лицейі – 87473397938
    3. Д.Қонаев ат. №1 қазақ ОМ – 87759452034
    4. Ы.Алтынсарин ат. №1 ОМ – 87070193717
    5. Ш.Уәлиханов ат. №2 гимназия – 87006698490
    6. №2 ОМ – 8707 504 19 00
    7. №3 ОМ – 8747 237 22 12
    8. Қ.Қайсенов ат. №4 ОМ – 8770 822 61 69
    9. А.Жұбанов ат. №5 ОМ – 8775 873 23 33
    10. Шеңгелді ауылындағы №6 ОМ – 8776 986 18 22
    11. Кербұлақ ауылындағы №7 ОМ – 8707 161 51 92
    12. Сарыбұлақ ауылындағы №8 ОМ – 8777 050 90 04
    13. Қосқұдық ауылындағы №9 ОМ – 8702 695 48 93
    14. Ақөзек ауылындағы №10 ОМ – 8707 128 35 57

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қонаев қаласының әкімдігі" жаңалықтары