Дәрілік заттардың шекті бағаларына өзгерістер енгізілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Дәрілік заттардың шекті бағаларына өзгерістер енгізілді

    2026 жылғы 12 тамызда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент мамандары «Qyzylorda TV» телеарнасына дәрілік заттардың шекті бағаларына енгізілген өзгерістер және олардың сақталуына жүргізілетін бақылау туралы сұхбат берді.
    2026 жылғы 4 шілдеде нормативтік құқықтық актіге тиісті өзгерістер енгізіліп, қазіргі таңда 2 055 дәрілік заттың сауда атауына бөлшек саудада өткізу үшін шекті бағалар бекітілді.
    🔹 Дәрілік заттың бағасын қалай тексеруге болады?
    Тұрғындар NAQTY ONIM мобильді қосымшасы арқылы дәрілік зат туралы ақпаратты өз бетінше тексере алады.
    Қосымшада дәрілік заттың қаптамасындағы Data Matrix кодын сканерлеу арқылы:
    * дәрілік заттың атауын;
    * өндірушісін;
    * таңбалану мәртебесін;
    * белгіленген шекті бөлшек сауда бағасын тексеруге болады.
    📌 Дәрілік затты сатып алу кезінде оның бағасына назар аударып, белгіленген шекті бағадан аспауын NAQTY ONIM қосымшасы арқылы тексеруге шақырамыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары