
Ауылда ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығын сақтау және жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында ірі қара малдан (ІҚМ) қан алу бойынша профилактикалық ветеринариялық іс-шара өткізілді. Ветеринариялық іс-шаралар аясында мамандар жануарларды тексеріп, вакцинация жүргізеді, сондай-ақ кейіннен зертханалық зерттеу жүргізу үшін қан сынамаларын алады.Профилактикалық ветеринариялық іс-шараларды өткізу ықтимал ауруларды дер кезінде анықтауға, олардың таралуына жол бермеуге және ауыл аумағында тұрақты эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.









