
«Салют» балалар сауықтыру орталығында Қарағанды облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері мен бейінді мамандардың қатысуымен лицензиялау рәсімі шеңберінде тексеру жүргізілді.
Лицензиялаудың мақсаты — балалар сауықтыру орталығының балалардың демалысы мен сауықтырылуы үшін қауіпсіз, жайлы әрі сапалы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған белгіленген мемлекеттік талаптарға сәйкестігін растау.
Тексеру барысында комиссия лагерь аумағын, тұрғын корпустарды, тамақтану блогын, медициналық пунктті, санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды, спорт және ойын алаңдарын қарап шықты. Сонымен қатар, балалар сауықтыру орталығының қызметін регламенттейтін қажетті құжаттар зерделеніп, міндетті талаптардың сақталуына баға берілді.




