
Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық басқармаларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру мақсатында бірыңғай QR-код орналастырылды.
📱 QR-кодты ұялы телефон камерасы арқылы сканерлеу арқылы мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы қажетті ақпаратты ала аласыз:
🔹 салық органдары қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
🔹 мемлекеттік қызметтерді алу үшін қандай құжаттар қажет;
🔹 мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері;
🔹 қандай жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылуы мүмкін.
📍 Бірыңғай QR-код Қарағанды облысындағы барлық клиенттерге қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық аймақтары мен стендтерінде орналастырылған.
QR-кодты сканерлеңіз және қажетті ақпаратты жылдам, ыңғайлы әрі қолжетімді түрде алыңыз!









