Бүгін Руханият орталығында 10 тамыз – Абай күніне орай қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтауға арналған «Хакім Абайдың аманаты» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Тағылымды шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, ұлы ақынның мұрасын дәріптеудің маңызына тоқталып, көпшілікке ізгі тілегін жеткізді.
-Абай – қазақ халқының ғана емес, адамзат өркениетінің ой-санасына өзіндік із қалдырған ұлы тұлға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Абайдың мұрасын жоғары бағалап, ұлы ақынды – «Абай – еліміздің ғана мақтанышы емес, әлемдік деңгейдегі ұлы тұлға» деп, халқымыздың мәдениеті мен ұлттық санасының жаңғыруына өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер деп атап өткен болатын. Бүгінде ауданымызда Президентіміздің, Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауымен мәдениет пен өнерді, әдебиет пен ұлттық құндылықтарды насихаттауға айрықша мән беріліп келеді. Өткен жылы ауданда Сыр өңірінде жарияланған «Руханият жылы» дәл қазір өздеріңізбен бірге тағылымды шара өткізіп жатқан - неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бірліктірілген «Руханият орталығы» ғимараты пайдалануға берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









