Ведомстволық сот-медициналық базалар қылмыстарды ашуда маңызды рөл атқарады. Алынған саусақ іздерін, фотоботтарды, қаскөйлер қалдырған іздерді және басқа да дәлелдерді талдау полицейлерге күдікті қылмыскерлердің жеке басын жедел анықтауға мүмкіндік береді.
Қосшы қаласында полиция қызметкерлері кезекші тәулікте сауда үйінен қуаттағыш құрылғының ұрланғанын анықтады. "Полифейс" сәйкестендіру жүйесі қаскөйдің жеке басын анықтауға көмектесті.
Ұрлық туралы хабарлама полицияға 8 тамызда келді. Өтініш берушінің айтуынша, белгісіз адам кассада тұрған қуаттағышты ұрлап кеткен.Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізуге дереу кірісіп, сауда үйінде орнатылған бейнебақылау камераларынан алынған жазбаларды зерделеді.
Алынған кескіндер "Полифейс" биометриялық сәйкестендіру жүйесінің көмегімен тексерілді. Нәтижесінде полицейлер 42 жастағы ер адамның жеке басын анықтады, оның ұрлық жасауға қатысы қазіргі уақытта тексерілуде.
Ер адам кассада сатып алудың ақысын төлегеннен кейін қуаттағышты ұрлап кеткені алдын-ала анықталды.
Полицейлер заманауи бейнебақылау жүйелері мен ведомстволық ақпараттық базаларды пайдалану құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдарды жедел анықтауға және мүліктік қылмыстарды ізін суытпай ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









