
Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Жаңасемей ауданында ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шараға Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, аудан тұрғындары мен ардагерлер қатысты.
Жиын барысында қатысушылар ұлы ақынның рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Абайдың халқымыздың рухани-мәдени мұрасына қосқан өлшеусіз үлесі, ұлттық әдебиет пен қоғамдық ойдың дамуына сіңірген еңбегі кеңінен атап өтілді.









